3.02.2020, 21:03
Оқылды: 101

БҚО әкімі "Теректі" сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты

Теректі ауданы әкімінің есептік кездесуіне келген БҚО әкімі Ғали Есқалиев аудан аумағында жасалып жатқан біраз жұмысқа қанықты.

IMG-20200203-WA0115-800x533
Өңір басшысы "Теректі" сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Жергілікті кәсіпкер Сержан Идиятовтың өз қаржысына ашқан кешен теректіліктердің демалыс орнына айналып үлгерген. Сауықтыру кешенінің құрылысына 200 млн. теңге жұмсалған.

IMG-20200203-WA0116-800x533

Кешен 100 адамға арналған қоғамдық монша, бассейн, пиццерия, караоке-клуб секілді орындарды қамтиды.
Кешен 20-дан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Облыс әкімі туған өлкесіне жанашырлық танытып жүрген кәсіпкерге алғыс білдіріп, жұмысының жемісін көруіне тілектестік білдірді.

Әділет Орынбасаров
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале