23.10.2017, 12:36
Оқылды: 24

БҚО-да қолөнер жәрмеңкесі өтті

 

Чапевта Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан бұйымдардың жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Жыл сайын өтетін бұл шарада  түрлі тұрмыстық заттар, суреттер, әсіресе, тоқыма бұйымдары көптеп қойылды. Сату бағасын шеберлер өздері белгілеген.

Қырықтан астам шебердің қолынан шыққан дүниелерден 143800 теңге жиналды. Түскен қаржы сатылған бұйымдардың иелеріне тапсырылады.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале