7.11.2017, 11:30
Оқылды: 25

Бөкейордалық саз мектебінің шәкірттері республикалық байқауда топ жарды

г-803Орал қаласында «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен республикалық «Дала сазы»  өнер байқауы өтті.

Бөкей ордасы аудандық саз мектебінің шәкірттері шеберліктерімен қазыларды тәнті етіп, биыл да бас жүлдені қанжығасына байлады. Биыл да деп отырғанымыз, олар өткен жылы да осы байқауда үздік көрінген-ді. Сол жеңісті жол тағы жалғасын тапты, ұстаздар үміті ақталды. Фортепиано номинациясы бойынша Самал  Рахымжанованың шәкірттері Аянат Шынболатқызы мен Сезім Хамидолла дуэттік орындауда, Гүлфия Ихсанованың оқушысы Назерке Маралова жеке орындауда бас жүлдені иеленсе, баян номинациясында Жарас Серіков (ұстазы Ермек Шәріпов) жүлделі ІІ орыннан көрінді. Домбыра номинациясында өнер көрсеткен Балайна Хамидолла (ұстазы Саида Әжіғалиева) арнайы жүлдені иеленді.

 Айзада ТІЛЕПОВА,

Бөкей ордасы аудандық балалар саз мектебі

директорының орынбасары

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале