2.02.2023, 14:45
Оқылды: 96

Бүгін – Дүниежүзілік сайлау күні

Ақпан айының алғашқы бейсенбісі – Дүниежүзілік сайлау күні. 2005 жылы Будапешттегі (Венгрия) сайлау ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде белгіленген және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күнін барлық ел атап өтеді. Биыл мереке 2 ақпанға сәйкес келіп отыр.

1

Атаулы датаға орай Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Ашық есік» күнін өткізді. Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің  басшысы Н.Жолдасқалиев, аудандық «АMANAT» партиясының өкілі Ә.Сарсанова, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі А.Айтпаев және аудандық жастар ресурсының басшысы Ж.Ғұбашева қатысты.

4

«Ашық есік» күні аясында сайлау жүйесіндегі ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы реформалар, алда келе жатқан сайлау науқаны туралы мағлұматтар айтылды. Сонымен қатар тұрғындар округтік сайлау комиссияларының жұмысы, бюлеттендер саны және т.б. сұрақтарына жауап алды.

Сәлім Мәмбеталиев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале