3.06.2022, 9:45
Оқылды: 27

Чемпионмен кездесу өтті

Бөкей ордасы ауданында "JasTalks" жобасы аясында "Нарын жастары" ЖҚБ және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен поуэрлифтингтен әлем чемпионы, Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Хасанқожа Самигуллинмен кездесу өтті.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 17.04.47 (1)
Кездесуге балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері және жастар қатысты. Қызықты сұхбат өтіп, балалар өз көкейіндегі сұрақтарын қойды. Кездесу соңы шеберлік сағатына ұласып, Хасанқожа өзінің кәсіби біліктілігін ортаға салды.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 17.04.48
Ұйымдастырушылар тарабынан Хасанқожаға алғысхат пен сыйлық табыс етілді.

Раушан Бақытова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале