15.12.2016, 9:16
Оқылды: 56

Еңбектері еленіп, алғысқа кенелді

screenshot_2016-12-15-21-44-46-1Азаттықтың ақ таңына жиырма бес жыл толған атаулы күнге орай бүгін Зеленов ауданының орталығында мерекелік жиын өтті.


Көпшілік алдымен аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы, тәрбие жұмысы орталығы, жас суретшілердің, әр ауыл дайындаған көрмені тамашалады.

Салтанатты шарада аудан әкімі Кәрім Жақыпов жиналғандарды мерейлі күнмен құттықтап, өңірдің дамуына еңбегі сіңген 26 аудан тұрғындарының кеудесіне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл» атты мерекелік медалін тақты.
Мұнымен қоса өлкеміздің өркендеуіне үлес қосып ауданның әр саласында қызмет атқарып жүрген М.Үмбетқалиев, Ә.Қайдашева, Г.Дляшева, Т.Дусупов, Ш.Айекешова, В.Сажнев, Е.Чувелева, А.Лихачевтерге облыс әкімі А.Көлгінов пен облыстық мәслихат хатшысы М.Құлшардың атынан Құрмет грамотасын және өз атынан алғыс хат табыстады.

Ал еліміздің жаңа саяси жүйесін құру, дамыту және сайлау процесін ұйымдастыруда, ҚР сайлау органдарының кәсіби деңгейін арттыруда қосқан үлесі үшін ҚР орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Имашевтың алғыс хатымен Т.Дощанов, В.Харкин, М.Ортанбаевтарды марапаттады.
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенованың алғыс хатына «Нира» ЖШС директоры А.Джафаров, ал «Үздік тұқым шаруашылығы» номинациясы дипломына «Достық» ЖШС директоры В.Шевчук ие болды.
Сондай-ақ тәуелсіздік құрдастары Т.Ибатов пен А.Мұқановаға сыйлықтар тарту етсе, 16 жасқа толған жеткіншектер В.Перверталов пен Г.Халауединге куәліктер берілді.
Жиын одан әрі аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале