Сырым ауданына қарасты Елтай ауылдық округіндегі №310 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де Мемлекеттік Гимнмен ашылып, ауыл әкімін сайлау науқаны басталды.

Дауыс беру заңнама талаптарына сай ұйымдастырылып, сайлаушылардың өз еркін білдіруіне барлық қажетті жағдай жасалған.
Бұл сайлауда ауыл әкімі лауазымына үш кандидат бақ сынауда: Тұрар Камалов, Райымбек Құлтемір және Теміртас Сағынғалиев. Тұрғындар кешкі сағат 20:00-ге дейін өздері таңдаған үміткерге дауыс бере алады.
Қоңдыкер Елеуов,
Сырым ауданы