10.02.2021, 18:47
Оқылды: 51

Қамба толып, мал басы артты

Бәйтерек ауданы өңір қамбасы саналғандықтан Марат Тоқжанов халықпен кездесуіндегі баяндамасын ауыл шаруашылығы саласынан бастады. Сөзінше, шаруалар жылды ойдағыдай аяқтаған.

IMG_0863

Былтырғы көктемгі егіс жұмыстары кезінде егін егуге 194, көкөніс егу ісіне 63 шаруашылық қатысыпты. Барлық егіс көлемі 231,2 мың гектарды құраған. 134,5 мың гектарға егілген егістіктің 52,7 мыңы күздік бидай болса, оның 51,8 мыңы жиналып, қамбаға 130 мыңнан тонна өнім түсіпті. Сондай-ақ үш мың гектар жерге егілген қара бидай толығымен орылып, 5,5 мың тонна өнім берген. Бұдан бөлек, 56,3 мың гектар жерді алған жаздық бидайдан  43,8 мың тонна өнім алынған. Арпа, ноқат, сұлы, тары, құмай да ойдағыдай өнім берген болса, қарақұмық алқабы есептен шығарылған.

Соңғы жылдары аудан диқандары майлы дақылдарды егуге де үлкен көңіл бөле бастағаны байқалады. Биыл аталған дақылдар 56 мың гектарға егілген. Оның 19,3 мың гектары мақсары болды. Ол қамбаға 10,4 мың тонна өнім түсірсе, 434 гектар жерді алған зығыр 0,1 мың тонна, 36,1 мың гектардағы күнбағыс, 18,1 мың тонна, 35 гектарға себілген қыша, 0,6 мың тонна өнім берген.

- Көкөніс егуге 3550 га жер бөлінді. Оның 1700 гектары картоп, одан 27,4 мың тонна өнім алдық. Ал 1300 гектар жерді алған көкөніс, өнім 20,7 мың тонна өнім берді. Бақша өнімдеріне келер болсақ, одан 8,8 мың тоннадан астам өнім алынды, - деді М.Тоқжанов.

Мал азығын дайындау ісіне де аудан шаруалары мықты көңіл бөле бастаған. Аудан басшысы өз баяндамасында барлығы 37 мың гектардан астам жерге сүрлемдік дақылдар, біржылдық, көпжылдық шөптер егіліп шабылғанын атап өтті.

- Биыл күздік дақылдардың егіс көлемі 58,7 мың гектарды құрап отыр. Оның 55,3 мыңың күздік бидай болса, қалғаны қара бидай. Мал азығын дайындауды да ойдағыдай өткіздік. Бүгінде қыстаққа қажетті шөп қоры 110,9 мың тоннаны құраса, шаруалар 112 мың тонна шөп дайындады, - деді өз сөзінде аудан әкімі.

9d6b4569-cd6b-4a86-8ee9-93461bda9591

Мал шаруашылығы ауданда жақсы жолға қойылғанын атап өткен жөн. Бүгінде ірі-қара және түйе саны әлдеқайда артқан. Тек құс тұмауы өршіп, пандемия кесірінен балапандарды жеткізу мүмкін болмағандықтан құс санында сәл төмендеу байқалыпты. Сондай-ақ барлық ветеринарлық іс-шаралар жоспарлы жүргізілгенін де аудан әкімі атап өтті. Тіпті иесіз ит-мысықтарға да зарарсыздандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілген.

Бүгінде ауылшаруашылығын дамытудың тиімді тәсілдерінің бірі субсидиялау. Өткен жылы мал шаруашылығы саласына 207,5 миллион, өсімдік шаруашылығы саласына 274,7 миллион субсидия берілген. Оның ішінде гербицидтерге 47,1 млн.теңге, тыңайтқыштарға 119,6 млн.тенге, тұқым шаруашылығына - 108 млн тенге қарастырылған. Инвест субсидия мөлшері 570 миллион теңгені құрапты. Бұл қаражатқа аудан шаруалары сатып алған 66 техника құны да кіреді. Демеуқаржыға түрлі маркалы трактор, 10 комбайн, басқа ауыл шаруашылық техникасы мен 7 тіркеме және күн батареясы кешені алынған. Ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 47,6 млрд теңгені құрап отыр.

Кәсіпкерлік қарқын алды

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы да көңіл қуантады. Өткен жылы соммасы 961,5 млн. теңге болатын 6 жоба мақұлданған.

- Бүгінде аудан бойынша 2799 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. 2381 шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс жасап тұр. Ал кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтындардың саны 6742 адамды құрап отыр. Ауданда белсенді жұмыстанатын 29 шағын цехта 309 адам қызмет жасайды. Өндірілген өнім көлемінің жалпы соммасы – 746 млн. теңге. 2021 жылдың 1 қаңтарына шағын-орта бизнесте 1031 жаңа жұмыс орны құрылды, - деді аудан басшысы.

Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале