2.12.2022, 21:30
Оқылды: 25

Қаратөбе ауданында футзалдан жарыс өтті

Қаратөбеде Қазақстан Республикасы Прокуратурасы күніне орай футзалдан мекеме аралық жарыс ұйымдастырылды.

7DB4DEBE-029B-4084-B04B-A1DCD4BFD317

Сайысқа аудандық мекеме қызметкерлерінен 9 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Олар: «Туризм орталығы», «№18 өрт сөндіру бөлімі», «Аурухана», «Полиция бөлімі», «Мәдениет үйі-1», «Мәдениет үйі-2», «Шөптікөл мектебі», «Мұхит мектебі» және «Спорт мектебі»командалары.

6F7939B8-45C2-43A3-8210-FD9553B19622

Жарыс қызметкерлер арасында спортты одан әрі дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстау және қызметкерлердің спорттық дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Тоғыз команда арасындағы тартысты ойын жанкүйерлерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Ойынға қатысушылардың барлығы жоғары деңгейде белсенділік танытып, жеңіске жету жолында бар күш-жігерін салды.

CEAC7E9E-357A-4851-A649-CCB0FB4130E0

Командалар арасында ең мықтылары іріктеліп, жүлделі ақтық сайысқа жеткен «Спорт мектебі» мен «Мәдениет үйі-1» командасы өте тамаша ойын көрсетіп, «Спорт мектебі» командасы жеңіске жетті. Екінші орынды «Мәдениет үйі-1» алса, үшінші орынды «Туризм орталығы» командасы иеленді.

Жеңіс тұғырына көтерілген командаларды аудан прокуроры Ерік Берікұлы арнайы сыйлықтармен марапаттап, алдағы уақытта да мекеме қызметкерлері арасында жарыстар жиі өткізіліп тұратындығын жеткізді.

Райымбек Абай,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале