4.11.2019, 11:45
Оқылды: 15

Қаратөбеліктер әлем чемпионын қарсылады

Бүгін қаратөбеліктер Румынияның Константа қаласында өткен қол күресiнен ХХХХІ әлем чемпионатынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған Ержан Ерболатұлын салтанатты түрде күтіп алды.

 qaratobe (5)

Келер жолда алдымен әлем чемпионы мен бапкері зират басына соғып, аз ғана ғұмырын осы спорт түріне арнаған Сүйесін Ермұратұлының рухына құран бағыштады.

Ауылға кіре берісте жерлестерінің қол шапалағы мен құрметіне бөленді. Қаратөбеден шыққан тұңғыш әлем чемпионына жиналғандардың қошеметі мен ыстық ықыласы зор болды. Әжелер шашу шашып, ақ дәмнен ауыз тигізді.

qaratobe (1)

Әлем чемпионын аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан қаратөбеліктер атынан шын жүректен жеңісімен құттықтады.

 –Қазақта «Елдің атын ер шығарар» деген сөз бар. Міне, Ержан баламыз қазақ елін әлемге танытты. Осындай жетістіктер елімізде көп болсын,- деді Жасұлан Кәрелұлы.

qaratobe (2)

Чемпионамен де тілдескен едік.

– Жарыс 26-30 қазан аралығында өтті. Жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Финалдағы қарсыласым Қырғызстан елінің спортшысы да осал болған жоқ. 2018 жылдың Әлем чемпионы. Бірінші өзімнің бапкерім Нұрқат Есенжанұлына алғысымды айтамын. Және ата-анама, мені тікелей эфирден көріп, қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме алғыс айтамын,- дейді Ержан.

Айта кетейік, жиналған көпшілік бірнеше автокөлікпен көк туды желбіретіп, ауыл ішінде жүріп өтті.

Гаухар Феликсқызы

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале