7.10.2024, 18:00
Оқылды: 76

Жәнібектік қос спортшы қол күресінен облыстық біріншілікте топ жарды

4-6 қазан аралығында гір спортынан ардагерлер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін Азия жеңімпазы, спорт ардагері, ұстаз-жаттықтырушы Николай Константиновичтің 80 жас мерейтойына арналған қол күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы облыстық ашық біріншілік өтті.
image-07-10-24-05-42-2
Дүбірлі додаға 16 команда, 100-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады. Турнирге облыстың 12 ауданы мен Орал қаласынан бөлек Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Қызылорда қаласынан келген спортшылар қатысты.
Жәнібек ауданының спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізіп, аудан атын елге танытты.
image-07-10-24-05-42
Дәлірек айтар болсақ, 75 келі салмақта Жалғас Берікғалиев біріншіліктің жеңімпазы атанды. +85 келіде Әділет Сәліимжанов қола жүлдеге ие болды.
Жарыстың жүлдегерлері облыстық гір спорты және қол күресі федерациясының медаль, диплом, арнайы қол күресі спортына жасалған белбеумен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале