1.11.2019, 18:28
Оқылды: 45

Қаратөбеліктер дарабоз әншіні еске алды

Қаратөбе аудандық балалар саз мектебінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Жақсылық Сәрсенғалиевтің 75 жыл толуына арналған «Мұхиттың салушы еді айдайына» атты еске алу кеші өтті.

qaratobe (3)

 Жақсылық Сәрсенғалиев Қаратөбе топырағында дүниеге келіп, әйгілі әнші Ғарифолладай ұстаздан дәріс алып, қазақ сахнасында өзіндік орнын қалыптыстырып кеткен әнші-термеші. Әндерімен көпшіліктің көңілінен шығып, халықтың зор ықыласына бөленген жан.

Тағылымды шарада аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы Ғалымгерей Қажыгерейұлы:

­– Ауданда Ж.Сәрсенғалиевті еске алу шаралары өтуде. Дәстүрлі әнді қалыптастырушы Мұхит, Ғарифолла әндерін жалғастырушы. Ол қолынан қазақтың қара домбырасын тастамай халық әндерін кеңінен шырқап, ән сүйер қауымға халқымыздың асыл мұрасын насихаттады, - дейді.

qaratobe (2)

Сонымен қатар ардагер ұстаз Абай Сәлекеев, зейнеткер Алтынбек Мүйтенов, М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Меңдешев Жақсылық ағамыздың өнері туралы  естеліктер айтты.

qaratobe (4)

Шара барысында Қаратөбе балалар саз мектебінің оқытушылары Егінғали Қыдырнияз, Гүлім Әділгерейева Құрмаңғазының «Сарыарқа», Мерген Алтынбеков Мұхиттың «Ақиіс», домбыра сыныбының оқушысы Арман Лұқпан  Ғарифолланың «Сүйген жар», Нұршат Исламғалиев «Ақсұңқар» әнін орындады.

Бас қосу барысында қазақ радиосының алтын қорында сақталған әншінің дауысын тындап, әнші туралы бейнекөрсетілім көрсетілді.

Тоты Асқарқызы

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале