2.09.2026, 16:30
Оқылды: 9

Қазталов ауданы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Асқар Аслан Асқарұлы аудан әкімінің 2026 жылғы 2 қыркүйектегі №372-ө өкімімен уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

image-02-09-26-01-25-1

Аслан Асқарұлы 1996 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген. 2017 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін филолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2017 жылы Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің статист маманы қызметінен бастады.

2017-2018 жылдары Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы;

2018-2019 жылдары Казталов аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;

2019-2020 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының бас маманы;

2020 -2021 жылдары Казталов ауданы әкімінің көмекшісі;

2021 жылдың сәуір айынан осы күнге дейін Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

 

«Ауыл айнасы» ақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале