11.09.2019, 10:43
Оқылды: 84

Қазталовта Абай оқулары өтті

Қазталов ауданының жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен тілдер мерекесіне және Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Абай дара, Абай дана қазақта» атты Абай оқулары өтті.

qaztalov (5)

Сайыстың алғашқы «Абайдың көркем сөздері-ай» кезеңінде ақын шығармалары жатқа оқылса, екінші «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты кезеңде ақынның әндерін нақышына келтіре орындады.

Хакім Абай атамыздың шығармалары және көркем сөздері мен қара сөздерін қатысушыларымыз мәнерлеп оқып, ақын әндерін шеберлікпен айтты.

qaztalov (3)

Байқаудың қорытындысы бойынша 3-орынды Тереңкөл ауылдық округінен Айманай Ерсайынова, 2-орынды Талдықұдық ауылынан Нұрдәулет Жандауов иеленсе, ал аудан қазталовтық Наргиза Мағжанова 1-орынды жеңіп алды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.

Диана Бақсық

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале