8.07.2026, 19:00
Оқылды: 6

Қазталовта «Мерейлі отбасы – 2026» байқауының жеңімпаздарымен кездесу өтті

Қазталов аудандық кітапханасында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі жеңімпаздарымен кездесу кеші өтті.

image-08-07-26-06-58-2

Отбасы құндылықтарын дәріптеуді мақсат еткен іс-шараға биылғы байқауда бақ сынаған 6 отбасының ішінен суырылып шығып, облыстық кезеңге жолдама алған Құспановтар және Қадыровтар отбасылары қатысты. Кездесу барысында жеңімпаздар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды сақтау жайында ой-пікірлерін ортаға салды.

image-08-07-26-06-58-6

Кеш барысында мазмұнды сұхбат ұйымдастырылып, әсем әндер шырқалды. Іс-шара соңында жеңімпаздарға аудан әкімі орынбасарының атынан дипломдарды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Ғабитқызы табыстады. Сондай-ақ Қараөзен және Тереңкөл ауылдық округтері әкімдерінің атынан арнайы алғысхаттар беріліп, отбасылардың қоғамдағы белсенділігі жоғары бағаланды. Жиын соңында аудан намысын қорғайтын жанұяларға облыстық кезеңде сәттілік тіледі.

image-08-07-26-06-58-4 image-08-07-26-06-58

Ернәсіл Рысқалиев,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале