2.04.2024, 17:30
Оқылды: 33

Кітап күні атап өтілді

1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай, яғни 2 сәуір - Халықаралық балалар  кітап күні Жаңақала ауданында биыл да қалыс қалмай, шара өтті.

5ac8368b-cf26-4e13-839c-ecd22cf66f5c

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен кеште аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева аталмыш мейраммен  баршаны құттықтап, лебізін жолдады.

Кеш жүргізушісі Салтанат Тұрарбекқызы шараның басты кейіпкері — кітап ханшайымын ортаға шақырып, өнерін халыққа паш етті.

Одан соң  кітапхананың тұрақты оқырманы  Айару Ақболат «Бал,балалық», «Балбөбек» бөбекжайының «Еркем-ай» ересек тобының тәрбиеленушілері «Кітап», Ислам Сүлеймен «Кітап сенің қазынаң» көркемсөздерін нақышына келтіре оқыды.

af1a7d9f-83c6-4ac7-bbd3-c24b67bb143f

«Жауқазын» бөбекжай тәрбиешілері мен «Жұлдыз-ай» ересек топ тәрбиеленушілері «Ырғақты», үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі «Ұлытау» билерімен көрермен көңілін көтерді. Жаңақала мектеп гимназиясының  мектепалды даярлық сыныбының оқушылары  «Біз бақытты баламыз» әндерін тарту етті. Өлеңін жатқа оқып, «Жауқазын» балабақшасының «Жұлдыз-ай» және «Күншуақ» ересек топ тәрбиеленушілері  халық күйі «Нәр ағашын» орындаса, №3 мектептің мектепалды даярлық тобы «Бауырсақ» ертегісін сахналап, «Тәуелсіз ел - ұраны» әнін шырқады. Сонымен қатар бүгінгі шарада «Билер» ауылы, «Күйшілер», «Өнерің өрге, жас таланттар» ауылы құрылып, Жаңақала мектебінің жоғары сынып оқушылары Қазыбек би, Төле би, Әйтеке бидің шешендік сөздерін оқыса, Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің ұстаздары мен оқушылары «Балбырауын» күйін орындады. Үшінші ауыл бойынша «Тепеңкөк» күйін жас домбырашылар Арсен Оразалы, Айбибі Қожантай, Дидар Марат, Бибісара Хамза, «Кітап туралы» көркемсөзді  рухани орданың  бір топ жас оқырманы тарту етті.

d9b06bb9-77af-4719-b28c-fb323418919c

Кітапхананың ардагер оқырманы Рая Қайратқызы  «Бір үзім нан» ертегісін жанына жиналған немерелеріне баяндап берсе,  Нұржамал Спанқызы  халық әні «Дедім ай-ау» әнін әуелете шырқады. Сондай-ақ «Ұлттық ойындар» ауылында «Бес асық, «Арқан тартыс», «Теңге алу», «Ақ серек, Көксерек», «Орамал тастамақ» ұлттық ойындарымызда жиылған жұрт таласа ойнады.

Кеш соңында балалар кітапханасының меңгерушісі Райгүл Бисенбиева «Кітап менің рухани қазынам» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале