26.04.2021, 14:34
Оқылды: 91

Қоңырда қос ананың үйіне газ өткізілді

Сырым ауданында мұқтаж жандарға газ кіргізуге қол ұшын созу жыл он екі ай жалғасуда. Қоңыр ауылының тұрғындары Ұлпаш Жұмажанова мен Алмагүл Злаханова аудандық мәслихат депутаты Шынар Дүйсенғалиеваның қоғамдық қабылдауында болды. Екеуі де мүмкіндігі шектеулі жандар. Жағдайларын айтып, газ өткізіп беруге көмек сұрады. Желтоқсан айында жәрдем сұраған жандарға наурыз айында көгілдір отын кіргізілді.

42A9969D-2FF1-4AC2-81A2-A3C88A9ED79C

Шынар Сайлауқызының сөзін жерге тастамаған ауданның атымтай жомарт азаматтары мұқтаж жандарға қол ұшын созуға мүдделілік танытып, демеуші болып, 1 млн. 200 мың теңгеге газ өткізіп берді.

Жасы сексенге таяп қалған Ұ.Жұмажанова ІІ топтағы мүгедек ұлымен тұрады. Алмагүл Злаханованың денсаулығы нашар ұлы мен қызы  баласы бар. Шынар Дүйсенғалиева Жосалы ауылдық округінде әкім болып еңбек еткен кездерінде бұл жандарды әлеуметтік қызметкермен қамтып, отын жағып, үйін әктеп, жинап беруін, азық-түліктен де көмек ұйымдастырып отырған.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Суреттің дереккөзі: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале