11.12.2019, 12:06
Оқылды: 10

Қос округтің бюджетіне өзгеріс енді

Қаратөбе аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс ХХХVI cессиясы өтті.

 qaratobe

Мәслихат депутаты Нұрлан Оразовтың төрағалығымен өткен кезектен тыс сессияның күн тәртібіне сай, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов «Қаратөбе және Сулыкөл ауылдық округтерінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы» хабарлама жасады.

Нақтырақ айтсақ, Берік Базарұлы Қаратөбе ауылдық округі бойынша жоспардан тыс екі мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыру оқу ақысына 344 мың теңге, іссапар шығындарына 333 мың теңге, сонымен қатар Қаратөбе ауылындағы орталық алаңды жаңа жыл мерекесіне байланысты безендіру жұмыстарына 500 мың теңге бөлінгенін айтты.

Оның айтуынша, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасына және 2019 жылғы бюджеттің кіріс бөлігіндегі салықтық түсім 60 мың теңгеге азайтылға. Ал Сулыкөл ауылдық округі бойынша 2019 жылғы бюджеттің кіріс бөлігіндегі салықтық түсімі 55 мың теңгеге азайтылып, салықтық емес түсімдерге ауыстырылып отырғандығын айтып, қос округтің бюджетіне енгізілген өзгерістерді бекітуді ұсынды.

Халық қалаулылары сессияда қаралған мәселелерді бірауыздан мақұлдады.

Ерболат Райсов

 Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале