5.05.2020, 20:27
Оқылды: 26

Күлге айналған рулон шөп

unnamed

Бөкей Ордасы ауданы аумағында екі өрт оқиғасы орын алды. Оның  екеуі де тұрғын үй секторында болды. 31 наурыз күні Сайқын ауылдық округіне қарасты Мәмбет ауылы тұрғынының қорасы мен 50 рулон  шөбі өртенсе, 17 ақпан күні Хан Ордасы ауылы тұрғынының 50 шаршы метр шаруашылық құрылысы мен 45 рулоны отқа оранды.

Өрттің негізгі себептері әдеттегідей электр құрылғыларын және пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. Бұл қарапайым ережелер апта сайын өткізілетін өрт қауіпсіздігі сенбіліктерінде түсіндірілуде. Тұрғындарға нұсқаулықтар жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер, шұғыл қызметтердің телефондары көрсетілген жадынамалар мен парақшалар да таратылады. Осы шараларға "ҚазТрансГазАймақ" АҚ БҚФ, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті полиция қызметінің мамандары тартылуда. Өкінішке орай, әлі де сақтыққа салғырт қарап, бар жиғанын қызыл жалын құрбанына айналдырғандар саны толастар емес.

Ақылбек Сағитов,

аудандық төтенше жағдай бөлімінің бас маманы,

азаматтық қорғау капитаны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале