24.12.2021, 1:25
Оқылды: 78

«Мәңгі желбіре, Тәуелсіздік туы!»

Бөкей ордасы ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Мәңгі желбіре, Тәуелсіздік туы!» атты желтоқсан оқиғасының куәгері, тәуелсіздік құрдастарымен кездесу кеші ұйымдастырылды.

C49CD434-A870-4AEB-97BE-AFE8B58D5248

Бұл кездесу кешіне Желтоқсан оқиғасының куәгері, Қ.Сағырбаев атындағы мектептіңгеография пәні мұғалімі Төлеген Сметов, Тәуелсіздік құрдастары, мұғалімдер Тілекжан Бегишанов, Әлия Рахымғалиева, Гүлнұр Зұлхашева, Назерке Нетқалиева қонақ болып келді. Кездесуге жас болса да, өмірлік бағыттарын айқындаған, елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етуге дайын тәуелсіздік құрдастары жиылды.

Кездесу барысында келген қонақтарға сұрақтар қойылып, оқиғаның басталуына түрткі болған жағдайлар, желтоқсаншылардың талаптары, оқиғаның шиеленіскен сәті және салдары баяндалды.

Тәуелсіздіктің құрдастары да ширек ғасырда жеткен жетістіктерін айтып, еліміздің жеткен жетістіктерін түгендеді.

Тәуелсіздігімізді қадірлеп, оны келер ұрпаққа аманат қылуды ұлағат етті.

Кездесу соңында  кәсіподақ ұйымы атынан кеш қонақтары алғысхат пен сый-сияпаттан құр қалмады.

                                                                                         Айша Төлепова, 

Қ.Сағырбаев атындағы мектептің мұғалімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале