21.08.2026, 9:45
Оқылды: 20

Мәслихат төрағасына мерекелік медаль

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының залында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес еліміздің заң шығарушы және өкілді билік органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттау рәсімі өтті.
Мәслихат төрағасына мерекелік медаль
Мерекелік медальдің бірі Сырым аудандық мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиеваның өңіріне тағылды.
Шынар Сайлауқызы - мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен майталман маман.
Егемендік алғашқы он жылы сындарлы болғаны рас. Шынар ханым 2000 жылдары Жосалы округ әкімі лауазымын атқарып, тұралаған ауылды аяғынан тұрғызуға қажыр - қайратын жұмсады.
Кейін Сырым ауданы әкімі аппаратында, мәдениет, жұмыспен қамту салаларында жемісті еңбек етті.
Бүгінде Сырым аудандық мәслихатының хатшысы әрі депутат ретінде халық қызметінде жүр.
Марапатты облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Мұқаев табыс етті.
- Бұл - ел игілігі жолындағы көп жылғы еңбектің, заң шығару және өкілді билік саласын дамытуға қосқан үлестің, халықтың талап-тілегін жеткізіп, азаматтардың мүддесін қорғаудағы табанды қызметтің лайықты бағасы.
- деп жазды Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты.
Б. Шерім, 
Сырым ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале