14.12.2020, 15:15
Оқылды: 88

«Nur Otan» партиясының Теректі аудандық сайлауалды штабы жұмысын бастады

«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының сайлауалды штабы 11 желтоқсан күні сағат 11:00-де өз жұмысын бастады.

8ABB4750-3E8F-4D27-93A8-E149E0D305C0

Ашылу салтанатында штаб басшысы, партияның Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев:

- Өздеріңіз білетіндей, 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Біздің филиалда барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешілді. Белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалды. Аудандық, аумақтық сайлау комиссиясында 24 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның ішінде 20 – адам праймериз жеңімпазы. 4-еуі - партия филиалының квотасы бойынша Теректі аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер. Теректі аудандық сайлалуылды штабының құрамына тұрғындар арасында лайықты беделге және құрметке ие белсенді жандардан құралған 40 адам кірді. Штабтың 25 мүшесі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесіне ие. Сонымен қатар штаб жанынан аудандағы жастарға үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру үшін «Жастар қанаты» құрылды. Оған «Jas Otan» жастар қанатының Теректі ауданындағы өкілдері, партияның жас жақтастары кірді. Біздің филиал сайлау науқанына сақадай сай дайын, - дей келіп, штаб мүшелерін сайлау науқанының басталуымен құттықтады.

795C83E9-8FA0-4F45-83FE-3896E1D5837A

«Nur Otan» партиясының кез келген сын-қатерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін дәлелдеуді мақсат тұтқан теректілік сайлалуалды штабының мүшелері жұмыстары басталған сәттен қызу іске кірісті.

Ең алдымен, Теректі аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер: Әлжан Нұрғалиев пен Сержан Идиятов штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындармен кездесіп, уәждеріне құлақ түрді. Содан соң Теректі ауданының құрметтері азаматтары: Сәлім Кукашев пен Мұсағали Төлегеновтың үйлеріне арнайы барып, партияны қолдауға шақырды.

Сол күннен бастап облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер әр ауылдық округтердің тұрғындарымен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Теректілік жастар үгіт-насихат қағаздарын таратып, белсенділік танытуда.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

ҚР «Сайлау туралы» заңының 28-бап, 5-тармағына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале