28.02.2017, 13:06
Оқылды: 23

Облыстан олжалы оралды

Жуырда Орал қаласындағы «Арман» спорт кешенінде шағын футболдан облыстық жарыс өтті. Аталмыш турнирге 7 команда қатысып, жүлделерді сарапқа салды. Нәтижесінде Жаңақала ауданы құрамасы жеңімпаздар сапынан көрініп, қола жүлдені қанжығаларына байлап келді. 


Айта кетейік, Жаңақала командасы құрамында өнер көрсеткен спортшылар - Жаңақала мектеп-гимназиясы мен Жаңақала орта мектебінің оқушылары. Олардың Жаңақала мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Мержан Бақытов пен Жаңақала орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мерей Есімов.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале