6.05.2019, 10:36
Оқылды: 31

Оқушылар сап түзеуден сайысты

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай патриоттық әндер мен сап түзеуден аудандық сайыс өтті.

 7 мам дариян 2

Байқауға Железнов, Трекин, Володар, Раздолный, Дариян ауылдарынан келген жасөспірімдер қатысты.

Шара барысында Дариян ауылдық әкімшілігінің бас маманы Нұрлан Ажиев жиналғандарды аталмыш мерекелерімен құттықтап, табыс тіледі.

Сондай-ақ шараға арнайы қатысқан жергілікті әскери органдар басқармасының ардагерлері Ариф Садыков, Валерий Виноградченколар, Дарьинск мектебінің директоры Оксана Шохина жылы лебіздерін айтып, барлық қатысушыларды айтулы мейраммен құттықтады.

Алғашқы сап түзеу бөлімінде Дариян қазақ гимназиясы мен Ульянов мектебінің оқушылары өздерін жақсы қырларынан танытса, АК-74 автоматын бұзу және жинауда Володар, Трекин мектебінің жасөспірімдері басымдық көрсетті.

Қызықты да тартысты өткен жарыс қорытындысында І орынды Дариян қазақ гимназия мектебінің оқушылары қанжығаларына байлап, кубок пен медальдар иеленсе, ІІ орынды Ульянов мектебінің, ІІІ орынды Дариснк мектебінің қатысушылары иеленді.

Спорттық сайыстың әр кезеңінде өздерін жақсы қырларынан көрсете білген ульяновтық Полина Сармина «Ең белсенді қатысушы», володарлық Илья Максим «Ең жылдам қатысушы» аталымдарымен марапатталды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

7 мам дариян 2 7 мам Дариян

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале