8.02.2017, 17:07
Оқылды: 49

Өңір басшысы сырымдық кəсіпкерлерге сəттілік тіледі

Screenshot_2017-02-09-07-12-59-1Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Сырым ауданына жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы әуелі ауданның орталығы Жымпитыдағы «EVEREST» супермаркетінің жұмысымен танысты.


«EVEREST» супермаркеті – «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылған кәсіпкерлік жоба. Жалпы құны 57 млн. теңгені құрайтын жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңдерінде нысанның иелері Мэлс Сапаров пен Медет Кәкімов өздерінің жеке қаражаттарына сүйенді. Кейін мемлекеттік бағдарламаның игілігін тиімді пайдаға жаратты.

Screenshot_2017-02-09-07-13-31-1Халықаралық маңыздағы Самара – Шымкент күре жолының бойында орналасқан супермаркеттің сөресінде 5000-ға жуық тауардың түрі бар. Кейбір тауарлар супермаркеттің өзінде өндіріледі. Нысан тәулік бойы үзіліссіз жұмыс жасайды.
Жеке кәсіпкер Мэлс Сапаровтың айтуынша, нысан 20 адам үшін тұрақты жұмыс орынын ұсынып отыр.

Облыс басшысы кәсіпкердің еңбегіне табыс тіледі.

Айта кетейік, ауданның кәсіпкерлік картасына 20 бизнес- жоба енген. Жобалардың жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Үстіміздегі жылы осы жобалар жүзеге асырылады. Басымдық сервистік қызмет көрсету орындарына берілмек.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале