4.06.2021, 12:19
Оқылды: 87

Рәміздер күніне арналған автошеру

Бүгін 4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. Атаулы күнге орай Жәнібек ауданы орталығында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудан активі орталық алаңға жиналып, барлық карантин талаптарын сақтай отырып, әнұран шырқады.

9FD1D1DE-3B12-455D-BDC4-87BD143731DB

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова айтулы мерекемен құттықтап, жиналған қауымға ақжарма тілегін жеткізді. Жиын соңында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен «Желбіре көк байрағым!» акциясы аясында автошеру өтті. Автокөліктер керуені Ғ.Қараш, Жеңіс, М.Мәметова және М.Ықсанов көшелері бойымен көк Туымызды желбіретіп, өтіп шықты.

ED0E5129-D628-4866-AA03-8D0FBE9B5779

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале