17.03.2024, 21:19
Оқылды: 15

«Салт-дәстүрім – ұмытылмас тарихым»

Наурызнама тұрғынамасы аясында белгіленген 16 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай Переметный ауылында осындай атаумен мерекелік халық серуені ұйымдастырылды.

IMG-20240317-WA0085

Биылғы Наурыз мерекесі Рамазан айымен тұспа-тұс келген соң мерекелік іс-шараның шымылдығын халықтық «Ақ ниет» әжелер ансамблі «Жарапазан» жырымен ашып, Жаңа Қазақстанмен жаңарып келген жыл басымен жиналғандарды құттықтады.

IMG-20240317-WA0081

Сонан соң сахнаға таяуда ғана құрылған «Айсұлу» жас келіндер клубының мүшелері шығып, өнерлерін ортаға салды.

IMG-20240317-WA0084

Мерекелік іс-шара барысында көне заттар, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, соның ішінде «Бауырсақ пати», кітап көрмелері, жәрменке ұйымдастырылды.

IMG-20240317-WA0080

«Ақ ниет» әжелер ансамблінің мүшелері халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері жөнінде шеберлік сабақтарын өткізді. «Алтын орда» этноауылында өткен садақ, асық ату, күш сынасу сынды ұлттық ойындар мерекелік іс-шараның шырайын аша түсті.

IMG-20240317-WA0082

- Бүгінгі мейрамды 22 наурызда тойланатын үлкен мерекенің бастамасы деуге болады. Соған орай аудан орталығы тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл күй сыйлау, бос уақыттарын тиімді өткізулері үшін осындай іс-шара оздырылды. Оған аудандық мәдениет үйі, мәдени демалыс орталығы, «Шың» театры, «Бәйтерек» спорт клубы, Калинин ауылдық кітапханасы және аудандық жастар ресурстық орталығы атсалысты. Аудан орталығының Калинин ауылы, Мұнайшы шағын ауданы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін оны «Шың» теартының аумағында өткіздік. Жиналғандың ризашылығына қарап-ақ көктемгі жаңа леп алып келу мақсатымыз орындалған сияқты, - дейді «Шың» театрдың басшысы, осы шараны ұйымдастырушылардың бірі Әліби Жанәбілов.   #nauryznamabqo

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале