4.08.2021, 16:51
Оқылды: 97

Семейден жеткен қос алтын

25-31 шілде күндері Семей қаласында өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер арасындағы жекелей чемпионатында БҚО құрама командасының сапындағы Жаңақала спорт мектебінің оқушылары жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті. 11 жасар ұлдар арасында классика түрінен Бейбарыс Жолдасқали жеңімпаз атанды. Бейбарыс осымен екінші мәрте тоғызқұмалақтан ҚР чемпионы атанып отыр. Осы жастағы классика түрінен Нұрәлі Арматұлы қола жүлдеге ие болды. Блиц (шапшаң ойын) түрінен Нұрәлі Арматұлы қарсыластарының бәрін ойсырата жеңіп, алтыннан алқа тақты. Н.Арматұлы да екінші мәрте ҚР чемпионы атанып, аудан мерейін асырды.

photo1628058669

Нұрберген Түсіпқали 13 жасар ұлдар арасындағы блиц (шапшаң ойын) түрінен қола жүлдені қоржынға салды.

Жасөспірім спортшыларды жоғары дәрежеде жаттықтырып, баулып жүрген аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ тобының жаттықтырушысы, ҚР Ұлттық дәрежедегі төрешісі, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Маратұлы.

–  Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам сайдың тасындай ең таңдаулы мықты деген спортшылар қатысты. Шәкірттерім үмітті ақтап, аудан һәм облыс намысын абыройлы қорғады. Осы орайда біздерді вокзалдан күтіп алып, шәкірттерімді шексіз қуантқан жерлесіміз Дулат Нұрланұлына ата-аналардың және өз атымнан ризашылығымды білдіремін. Алдымызда Азия чемпионаты келе жатыр. Іріктеуден өтсек, байрақты бәсекеде атой салуға барымызды саламыз, – дейді Қ.Шаутенов.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале