6.09.2025, 10:00
Оқылды: 419

Шыңғырлаулық Айзере облыс байқауының жүлдегері атанды

Кітап оқитын ұрпақ – ұлт болашағының кепілі. Президент Қ.Тоқаевтың «Кітап оқитын ұрпақ» бағдарламасы елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды бастама. Бағдарлама аясында мектептерде, кітапханаларда және мәдени орталықтарда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.

кітап
Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінде рухани байлықтың бастауы – кітапқа деген сүйіспеншілікке, білім мен ізденіс жолына арналған тағлымды кездесу өтті. Кездесудің басты кейіпкері – аудан әкімінің қолдауымен, аудандық кәсіпкерлердің демеушілігімен ұйымдастырылған мектепішілік «Оқуға құштар мектеп» жобасының жеңімпазы, «Мен оқитын 30 кітап» облыстық байқауының жеңімпазы, үлгілі оқырманымыз –Айзере Жауымбай.
Аталған «Мен оқыған 30 кітап» облыстық байқауында Шыңғырлау ЖОББМ оқушысы Жаумбай Айзере Саламатқызы жүлделі I орынды иеленіп, 300 000 теңге ақшалай сыйлыққа қол жеткізді.
Байқауға 8–11 сынып оқушылары қатысып, көркем әдебиетті терең меңгеру, кітап арқылы өз ойын еркін жеткізу бойынша бақ сынады. Осындай игі істерге ұйытқы болып жүрген мектеп әкімшілігінің де еңбегі ерен. Мектеп директоры Светлана Мақсотқызына сөз кезегінде: «Мен оқитын 30 кітап» байқауы – тек жарыс қана емес, рухани сапар. Сол сапарда талмай ізденіп, жеңіс тұғырынан көрінген Айзерені құттықтаймыз. Кітап оқу – өзіңді тану. Әр оқылған кітабын – жаңа қадамдарының бастауы болсын",-деп атап өтті.
Рухани құндылықтарды дәріптеп, жастардың білімге құштар болуына әрдайым қолдау көрсетіп жүрген аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы:- Кітап адамды өсіреді, ойландырады, жетелейді. Кітап оқыған ұрпақ – елдің еңсесін көтеретін ұрпақ. Өскелең ұрпақты кітап оқуға тартып, оларға әдебиет пен төл тарихын, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, отансүйгіштікке тәрбиелеу де ата ана мен ұстаздар алдындағы зор міндет саналады. Бүгінгі Айзеренің жетістігі үлкен мақтаныш», - деген тілегін жеткізді.
Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің басшысы Қуаныш Ығылманұлы да аудан мектептерінде өткен шараның маңыздылығын жеткізді.
Кездесу аясында «Оқырман сұхбаты» айдарында байқау жеңімпазы Айзере Жауымбайға қатысушылар сұрақ қойып, пікірлерін білдірді.

Светлана Байтенова
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале