18.04.2022, 12:30
Оқылды: 63

«SYRYM ACTION» - облыс чемпионы

Сырым ауданының оқушыларынан құралған «SYRYM ACTION» фракциясы «Сауатты ұлт - салауатты» болашақ атты Батыс Қазақстан облыстық пікірсайыс турнирінде жеңіске жетіп, облыс чемпионы атанды.

32

Өңірдің білім басқармасы ұйымдастырған үшбу сайыс Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығында өтті. Облыс аудандары мен қала мектептерінің келген сайыскерлер дебат мінберіне өз пікірлерін алып шыққан. Ұтымды, дәлел-дәйегі, маңыз-мәйегі зор пікір келтіру – негізгі шарт.

Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің 10-сынып оқушысы Ақбота Ширмедин мен Бұлан орта мектебінің 10-сынып оқушысы Азалия Берікованың одағынан құралған «SYRYM ACTION» фракциясы турнир барысында 6 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Нәтижесінде команда кубок иегері, ал Ақбота Ширмедин «Үздік спикер» атанды.

Облыстық білім басқармасының дипломында қос оқушымен бірге олардың жетекшілері, аудан педагогтары Назгүл Мустафиева мен Айдана Магнийдің есім-сойлары жазылыпты.

 

Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале