18.05.2025, 14:30
Оқылды: 90

Сырым ауданында 98 жастағы тыл ардагері дауыс берді

Бүгін Батыс Қазақстан облысының 5 ауданындағы 12 ауылында әкімдер сайлауы болып жатыр. Осылардың ішінде жасы ең үлкен дауыс беруші Сырым ауданында тіркелді.

photo-output

Бұлан ауылдық округінің тұрғыны Қалима Мұхамбетжанова 1927 жылы дүниеге келген. Оған балалықтың бал дәмін татып жүруге заман мүмкіндік берді. Себебі, 1930 жылдардан бастап Кеңес билігі тарапынан қазақ билігіне қағажу көре бастады. Отан соғысы елдегі азаматтарды оққа қарсы айдады. Ерлердің күрек - кетпенін Қалимадай қыздар ұстаған еді. Бүгін 98 жастағы кейуана округ әкімінің сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Қалима анамыз өз шаңырағынан дауыс берді.
Қазіргі заман - алтын заман. Соны бағалаңдар! - дейді үлкен кісі.
Айта кетейік, тыл еңбеккері жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай медальға ие болды.

Ал, сайлау болса жалғасуда.

Күн аяғында Сырым ауданы бойынша Бұлан, Жосалы және Сарой округтерінің жаңа әкімдері белгілі болады.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

Суретке түсірен: Айман Өтеғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале