Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты
24 Наурыз 2023

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары шықты

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды
24 Наурыз 2023

Батысқазақстандық Бекнұр Серіков теңге ілуден Азия кубогінің чемпионы атанды

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр
24 Наурыз 2023

«IQanat» олимпиадасының облыстық кезеңі өтіп жатыр

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
23 Наурыз 2023

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
22 Наурыз 2023

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

7.01.2023, 10:07
Оқылды: 421
Сырымдық депутат қарт ананың алғысын алды
Осыдан екі жыл бұрын депутат, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева «Есіктен есікке» акциясы аясында Түркіменстан Республикасының азаматшасы Роза Тұрлыбековаға қатысты тұрғылықты мекенжайға тіркелу мәселесін көтерген болатын.
62C154FE-4F24-4E9F-9D1C-061E55BBB1F3
Тұрғылықты мекенжайға тіркеле алмауы салдарынан зейнеткерлікке де шыға алмаған Роза Тұрлыбекова денсаулығына байланысты жол жүре алмайтындықтан, 2021 жылдың сәуір айында аудандық мәслихат хатшысы Шынар Сайлауқызы Астана қаласына аяқтай барып, Түркіменстан Республикасының елшілігіне хабарласып, құжаттарды алып, оларды аудандық көші-қон полициясында рәсімдеді. Көп ұзамай мамыр айында өтініш берушіге ықтияр хат табысталып, аудандық көші-қон полициясына тіркелген болатын.
2021 жылдың мамыр айы мен 2022 жылдың қыркүйек айы аралығында бірнеше мәрте зейнеткерлік құжатқа өтініш жіберілсе де Түркіменстан Республикасы тарапынан өтініш қанағаттандырылмады.
Базалық 21 000 теңге зейнетақы алуға мәжбүр болған ардагер ұстаздың жүгінген мәселесі бойынша аудандық мәслихат хатшысы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің директоры Б.Ақатаевпен байланысқа шығып, мән-жайды түсіндіріп, Түркіменстандағы Қазақстанның елшілігі арқылы жұмыстану жөнінде сұраған еді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде Түркіменстандағы Қазақстанның елшілігі үш айдан астам уақыт жұмыстанып, құжатты Қазақстанға алғызды.
Аталған өтініш бойынша 2022 жылдың желтоқсан айының соңында Қазақстан Республикасының  Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаментінің директоры Б.Ақатаев мырзадан Сырым аудандық мәслихат хатшысы, депутат Шынар Дүйсенғалиеваның атына Р.Тұрлыбекованың сұранысына байланысты Түркіменстан аумағында тұрған кезеңіндегі зейнетақы ісін жолдайтындығын растайтын ақжолтай жаңалық жетті.
Зейнетақы ісі жолданған хатты Орал қаласына келген бойда депутат аяқтай барып алып, Жымпитыдағы Роза анаға табыс етті.
- Бірнеше жыл сабыла күткен құжатым қолыма тигеніне қуаныштымын. Зейнеткер ананың өтінішін қабыл алып, орындаған Сыртқы істер министрлігіне, аудан әкімдігі мен «AMANAT» партиясына,  аудандық мәслихат хатшысы Шынар Сайлауқызына отбасымның атынан шексіз ризашылығымды білдіремін!, - деп ағынан жарылды Роза Тұрлыбекова.
Сексеннің сеңгіріне шыққан Роза Тұрлыбековадан бүгінде іні-келіні қамқорлығын аямай, бар жағдайын жасап отыр.
Әрине, бір ғана тағдыр, бір ғана мәселенің уақытылы түйіні тарқатылса, нұр үстіне нұр болмақ. Партия акциясы аясында жолданған сауал депуттар тарапынан қолдау тауып, әрбір депутат Шынар Сайлауқызындай жұмысына жауапкершілікпен қарай білсе ғажап қой.
Айжан Амангелдина
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале