14.04.2024, 20:04
Оқылды: 73

Талдыапандағы өзекті мәселелер қаралды

Казталов ауданына қарасты Талдыапан ауылдық округінің орталығында аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеевтің қатысуымен аудандық мәслихаттың «Бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері» және «Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияларының көшпелі бірлескен отырысы өтті.

InShot_20240414_195530385

Көшпелі отырыста депутаттар Талдыапан ауылдық округі бойынша өзекті мәселелер және «Казталов ауданының ауылдық аумақтарын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Жол картасы» бойынша осы жылы атқарылатын жұмыстар және 2025 жылға арналған жобаларды қарады.

Бірлескен комиссия отырысында Талдыапан ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қабдолов округте атқарылған жұмыстарды баяндап, негізгі мәселелерге тоқталды.

- Округте мәдениет, білім, медицина, ветеринария салалары және инфрақұрылымдық жобалар бойынша мәселелер бар. Бүгін округтегі әлеуметтік жағдайды көзбен көріп, таныстыңыздар. Шұғыл шешуді қажет ететін де жобалар бар. Барлығын назарыңызға ұсына отырып, оң шешімін табады деген сенім білдіріп отырмыз, - деді округ әкімі.

Аудандық мәслихаттың бастамасымен өткен қос комиссияның алғашқы көшпелі отырысына аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Аронов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Радж Шәріпов және аудандық ветеринария стансасының мамандары қатысып, депутаттардың сауалына толық жауап беріп, мәселелерді талқылады.

InShot_20240414_195556762

Комиссиялардың отырысына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеев көтерілген мәселелердің өзектілігін ескеріп, нақты шешімдер қабылдау бағытында жұмыс жүргізілетінін атап өтті.

Жиында депутаттар мен бөлім, мекеме басшыларының ұсыныстары ескеріле отырып, қаулы қабылданды. Алдағы уақытта аудандық мәслихат депутаттары өз құзыреті шегінде тиісті жұмыстарды жүргізетін болады.

Жиыннан соң аудан әкімінің орынбасары Айдар Менеев және аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім, мекеме басшылары Талдыапан жалпы орта білім беретін мектебінің мұражайымен танысты.

Казталов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале