12.05.2020, 15:50
Оқылды: 74

Тасқала ауданының Мерей ауылдық округінде «Жеңіс» саябағы жөндеуден кейін ел игілігіне берілді

Мереке қарсаңында Тасқала ауданы Мерей ауылдық округінде «Жеңіс» саябағы қайта жөндеуден соң пайдалануға берілді. Бұл игі шара ауыл тұрғындарының бастамасымен Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орайластырылған болатын.

B2E374A3-678A-403E-A031-952560DBBF0D

Саябақты жаңарту ісіне ауыл тұрғындары мен белсенді жастар ұйытқы болды. Жаңарту жұмыстарына 1 млн. 500 мыңға жуық қаржы жиналған.

Саябақтың салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Арсен Баяндықов, ауыл әкімі М.Нәріков және ауыл тұрғындары қатысты. Алғаш құттықтау сөз алған аудан әкімінің орынбасары Арсен Толқынұлы Ұлы Отан соғысына 300-ден астам мерейліктердің қатысқанын, олардың есімдері мен ерліктері ешуақытта ұмытылмайтынын айтып, 1985 жылы Жеңістің 40 жылдық мерейтойы аясында орнатылған «Белгісіз солдат» ескерткішінің қайта жаңғыртылып отырғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар саябақ пен ескерткіштің жөндеу жұмыстарын ұйымдастырған ауыл тұрғыны Ермек Құлмалиевке аудан әкімі атынан алғысхат табыстады.

7ABE04DB-C48F-44DE-A30B-28353AF1FE2F

Кейін сөз алған еңбек ардагері Жұма Мұқанғалиев ауылдастарының Жеңіс мерекесіне орай жасап отырған бұл ісіне ризашылығын білдіріп, ел тыныштығын тіледі. Шара барысында Хайридин Сұлтангереев «Енді соғыс болмасын», «День победы» әндерін орындады.

73111AFF-290E-4779-8DA0-5489764C3DA1

Ескерткішке аудан әкімінің орынбасары Арсен Баяндықов пен Мерей ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абай Мұқанғалиұлы гүлшоғын қойды.

Болатбек Сапарғалиев

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале