4.02.2023, 17:47
Оқылды: 44

Тәжірибе алмасу дамуға бастайды

Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Теректі ауданына қарасты Юбилейный ауылындағы тағы бір инвестициялық жоба - «Ringo Milk» ЖШС-нің сүт тауарлық фермасына ат басын бұрды.

4 (2)

Жоба жетекшісі, кәсіпкер Айдос Жақсымбетов өңір басшысын қарсылап, сүт фермасының бүгініне кеңірек тоқталды. Жалпы жоба 2019 жылы «тәй» басқан. Оны жүзеге асыруға кәсіпкер «Аграрлық несие корпарация» АҚ арқылы 3 млрд  900 млн теңге қаражат алыпты. Шаруашылық 640 бас голштейн сиырын ұстап, жылына 7000 тонна сүт өндіруге бағытталған. Жобаны іске асыру шеңберінде инвесторға жалпы көлемімен 2 575 га жер учаскесі бөлінген.  Қазіргі уақытта негізгі құрылыс - монтаждау жұмыстары аяқталып, техникалық жабдықтар әкелініпті.

1 (3)

40 басқа арналған сауу жүйесі, 10 тоннадан 2 дана салқындатқыш танкер, тезек қырғыш алынды. Ағымдағы жылдың тамыз айының соңында инвестор Германияға барып, 332 бас голштейн  әкелген. Қазіргі таңда 90 сиырдан 90 бас төл алып, күніне 1200-1300 литр сүт өндіріп, «Каверин» ЖК тапсырып отыр. Ірі қара малдардың екінші партиясын іріктеу ағымдағы жылға жоспарланған.  Қожалықтың жоспарында қуаттылығы жылына 300 тонна дайын өнім шығаратын жеке сүт өңдеу цехын салу бар.

«Ringo Milk»-та барлығы 50 адам жұмыс жасаса, оның 15-і - Юбилейный  ауылының тұрғындары.

5

Серіктестік басшысы және фермадағы жұмысшылармен тілдескен облыс әкімі «Ringo Milk»-тің болшағынан зор үміт күтетінін айтты.

-Бұл жобаны жан-жақты қолдауымыз керек. Жалпы облысымыздағы кәсіпкерлік саласынан оң өзгерістер байқаймыз. Жаңашылдыққа ұмтылыс бар. Жергілікті атқарушы билік осындай жобалардың болашағына тікелей жауапты. Үкімет тарапынан берілетін көмектерден аталмыш жоба да тыс қалмасын. Шаруашылықтың қарқыны жаман емес. Алайда, ферма ең алдымен тазалық мәселесіне және әрі қарай даму бағыттарына жіті көңіл аударуы керек. Ол үшін өзге өңірлердегі осы тақылеттес фермалармен тәжірибе алмасқан пайдалы, - деді өңір басшысы.

Әділет Орынбасарұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале