23.11.2022, 22:11
Оқылды: 27

Теректілік ханзада мен ханшайым анықталды

Аудандық мәдениет үйінде «Бірінші сынып Ханзадасы және Ханшайымы» атты аудандық  балалар байқауы өтті.

IMG-20221123-WA0117

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген аталмыш байқауға 61 бүлдіршін қатысып, іріктеуден өткен 11 бүлдіршін бақ сынасты.

IMG-20221123-WA0113

Бүлдіршіндерге әділ бағасын берген әділқазы алқасының құрамында  мәдениет үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А Қайрова, хореограф Д.Темірғалиева, балалар кітапханасының меңгерушісі А. Түрекешова, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Н. Кәдірғалиев болды.

IMG-20221123-WA0114

Шара — таныстыру,  өнерлерін көрсету,  интеллектуалды тапсырмалар орындау сынды 3 кезеңнен құралған.

Сайыс қорытындысы бойынша барлық сыннан мүдірмей өтіп, көптің көзайымына айналған Әлжан Исмағұлов пен Ұлдай Ахмадиева бас жүлдені иеленіп,«Ханзада мен Ханшайым» атанды. Барлық қатысушыларға түрлі аталымдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале