19.07.2021, 20:10
Оқылды: 64

Ұрпақ саулығы маңызды

Еліміз аман, бауырымыз бүтін уақытта мына пандемия келді де елді әбден әуре-сарсаңға салды. Осы індеттің кесірінен бірі жақын жуығынан айырылса, бірі қатты ауырып тұрды.

syrym audany vakcina

Бірқатар кәсіпкерлік нысанға карантиндік шектеулер кесірін тигізді. Осының бәріне қарсы тұрып, ортақ иммунитет қалыптастыратын ол, әрине - екпе. Үкіметтің батыл шешім қабылдап, халықтың денсаулығын нығайтатын нақты келіссөздерінің нәтижесінде шетелдік және отандық вакциналар қолданысқа ене бастады. Мен де жасым сексенге келіп қалса да, ешкімнің даурықпа ақпаратына құлақ аспай екпе алдым. Ел болғаннан соң түрлі қуанышы да, қазасы да болады. Өзім осылардың басы-қасында жүретін болғасын отбасымды, бала- немерелерімді қорғау мақсатында екпені салдырдым. Қанқу сөздерге ермей, мамандардың сөзіне сенетін уақыт әбден болды деп ойлаймын. Барлық қазақ елін екпе алуға шақырамын.

Төлеу Шарифулллин,
Сырым ауданы
Қособа ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале