3.02.2021, 17:35
Оқылды: 73

Үстел теннисін сыйлады

Мичурин бастауыш партия ұйымының мүшелері Жамбыл жалпы білім беретін мектебінде қонақта болып, оларға үстел теннисін сыйлады.

52A87639-74AD-49D3-830B-B6C64CCDEB94

Ал аудандық мәслихат депутаты, "Nur Otan" партиясының мүшесі Бекболат Шканов балаларға теннис үстеліне арналған ракеткалар, арнайы тор мен теннис доптарын тарту етті.

Бұндай сыйлықтарға риза болған оқушылар шат-шадыман. Қазір олардың  бос уақыттарын тиімді өткізуге тағы бір мүмкіндігі туғанына ата-аналары мен ұстаздары да разы.

CB337402-A5CB-425D-B6A6-19180DD7EA5D

-Ел болашағы - жастар. Олар бос уақыттарын тиімді өткізіп, спортқа жақын болғаны дұрыс. Сол себепті партияластар бірігіп, ауыл балаларына осындай сыйлық жасадық. Елбасы, "Nur Otan" партиясының лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр сөзінде салауатты өмір салтын қалыптастырып, дені сау ұрпақ тәрбиелеу керектігіне үлкен мән береді. Бүгінгі сыйымыз жамбылдық бүлдіршіндерді спортпен айналысуға итермелей түседі деген сенімдемін,- дейді аудандық мәслихат депутаты Б.Шканов.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале