21.08.2026, 16:45
Оқылды: 4

Жалпақталда аудан әкімі тұрғындармен кездесті

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов Жалпақтал ауылында болып, көше төрағаларымен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
image-21-08-26-05-52
Кездесуде ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Көше төрағалары елді мекендегі өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Ал жергілікті кәсіпкерлер салық саласындағы соңғы өзгерістерге байланысты туындап отырған мәселелер мен қиындықтарды айтып, қолданыстағы талаптарға қатысты түсініктеме беруді сұрады. Сондай-ақ ауыл кәсіпкерлігін дамытуға жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдау көрсетудің маңыздылығын жеткізді.
image-21-08-26-05-52-2
Аудан әкімі көтерілген мәселелердің назарға алынатынын айтып, тиісті бағыттар бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, тұрғындардың ұсыныстарын зерделеу және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді жүйелі түрде шешу қажеттігін атап өтті.
Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ
Казталов ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале