27.02.2019, 16:44
Оқылды: 22

Жалпақталда медиация орталығы ашылды

Қазталов ауданы Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратында татуластыру орталығы ашылды. Бұл – соттардың жұмысын жеңілдететін жоба.

 qazt madiacia (2)

Жаңа орталық – азаматтар үшін медиатордың, адвокаттың, сот атқарушысының, нотариустың, психологтың қызметін бір арнаға тоғыстырған бірыңғай алаң. Еңбек жанжалдарын белсенді шешуге ыңғайлы орында білікті медиаторлар қызмет көрсетпек.

№2 Қазталов аудандық сотының судьясы Самал Қуанышқызы медиацияның тиімділігін айтты. Айталық, өткен жылы №2 Қазталов аудандық сотында 127 азаматтық іс аяқталған. Соның біразы медиация көмегімен сотқа жетпей шешілген.

-Келісіммен сөйлеcек, ердің құны екі ауыз сөзбен бітеді. Ал келісімге келмей, керісе берсек, елден береке, ерден қадір кетеді. Бұл Шәңкі бидің айтқаны. Шындығында елдің бірлігі мен ынтымағы берік болса, берекеміз артады. Ел ішінде мереке салтанат құрады. Қазақтың болмысына тән құбылыс – бітімгершілік бізге қазір де қажет. Бұл орталық еңбек және өзге де дауларды бітімгершілік жолымен шешуге септігін тигізбек,-дейді Жалпақтал ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы Ғилым Едекешев.

qazt madiacia (5)

Тұрарбек Ақмурзин,

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале