30.07.2021, 9:59
Оқылды: 59

Жаңа әкімдер таныстырылды

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 25 шілде күні Зеленов, Чиров, Январцев ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

IMG_20210730_002755_125

Қорытындысында Зеленов ауылдық округіндегі сайлаушылардың көп дауысын жинаған Давлетов Ізғали Сапарғалиұлы округ әкімі болып сайланды. «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылған Давлетов Ізғали Сапарғалиұлы 1966 жылы туған. Зеленый ауылында тұрады. Ал Чиров ауылдық округінде өткен сайлау қорытындысында Штык Николай Петрович жеңіске жетті. Ол 1974 жылы туған. Чиров ауылында тұрады. «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылды. Сондай-ақ Январцев ауылдық округінде өткен сайлау қорытындысында Жұмағалиев Абылай Еспайұлы көпшілік дауыспен сайланды. Ол 1962 жылы туған. Январцев ауылында тұрады. «Nur Otan» саяси партиясынан ұсынылған.

Жуырда сайлау өткен ауылдарға барған аудан әкімі Марат Тоқжанов үш округ активіне жаңадан сайланған әкімдерді таныстырды. Олардың осы кезге дейін әрқайсысының атқарған жұмысымен жақсы таныс екенін жеткізген аудан басшысы халық сеніміне ие болған әкімдердің жұмысына сәттілік тіледі.

Жиын соңында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Радик Ихласов ауылдық округ әкімдеріне салтанатты түрде куәлік табыс етті.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале