Бүгін Жаңақалада қоғам қайраткері, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Сатқали Сапаровты еске алуға арналған шағын футболдан аудандық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Ашық турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин, аудандық мәслихат хатшысы Закария Сисенғали, аудандық мекемелердің басшылары, ардагерлер, турнир иесінің ұрпақтары және басқалары қатысты.
Турнир ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі Н.Қадырбайұлы барша жарысқа қатысушыға сәттілік тілей тұрып, елі үшін еңбек еткен ерлердің есімі ешқашан да ел жадынан өшпейтінін жеткізді. Бұдан әрі Сатқали Сапарұлымен әріптес, замандас болған ардагер Нәсіпқали Мақанов естеліктерімен бөлісті.
Жаңақала даласын дүбірлеткен доп додасында Ақжайық, Теректі, Қазталов, Тасқала, Бәйтерек, Жаңақала ауданы және округтерден командалар қатысуда.
Ақсұңқар Сәдір,
Жаңақала ауданы