19.04.2018, 11:10
Оқылды: 21

Жаңақалалық оқушылар «Дарабоз» байқауынан жүлделі оралды

 

6Орал қаласында бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында республикалық «Дарабоз» байқауы өтті.

Бұл байқауда облыс намысын қорғау үшін Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының «Хан тәңірі», «Тарихи бояу сырлары» атты қолөнер үйірмесі мен арт студияларынан 5 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысында «Бейнелеу өнері» жанры бойынша Ораз Қайырбекұлы I орынды жеңіп алса, «Қолөнер» бағамы бойынша Саян Саламатұлы бас жүлдені иеленді. Ал Г.Бақтығұлованың төл шәкірттері «Мүсіндеу» жанры бойынша Мөлдір Батырғалиқызы I орынды, Айкөркем Салықова мен Жанар Мұратова II орынды еншіледі. Сондай-ақ оларды «Атадан – мұра» қорының президенті Талғат Сауранбаев марапаттап, сыйлықтар мен дипломдар табыс етті.

Бұдан бөлек облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес, «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан – менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы өтті. Мұнда «Қалдықтардан - табыстарға» номинациясы бойынша Жанар Мұратова (жетекшісі Г.Бақтығұлова) I орынға ие болып, киелі Маңғыстау облысында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Ж.Мұратованы облыстық білім басқармасының басшысы Ш.Қадырова марапаттады.

 

Еркін БАЛМОЛДА,

аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының педагогі, суретші-безендіруші

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале