30.03.2024, 17:03
Оқылды: 237

Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіруші-құтқарушылары Батыс Қазақстан облысына көмекке келді

28 наурызға қараған түні Батыс Қазақстан облысына су тасқыны жағдайын жоюға қосымша көмек көрсету үшін Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары келді.

29 наурызда жеке құрамнан 22 адам Орал қаласының кардиологиялық орталық ауданында қапшықтарды инертті материалдармен толтыруға және төсеуге жұмылдырылды. Құрамында 24 адамнан тұратын екінші топ Бөрлі ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын атқару үшін жіберілді.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысынан келген барлық жеке құрам Бөрлі ауданындағы су тасқыны жағдайын жоюға, атап айтқанда, қапшықтарды инертті материалдармен қаптауға және еріген суды соруға жұмылдырылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале