Warning: session_start(): open(/tmp/sess_5uud2lqc7sn355ppragoh0op6o, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - 26 маусым – Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні - официальные новости ЗКО
26.06.2025, 12:30
Просмотры: 152

26 маусым – Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні

Бүгін әлемде Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні аталып өтуде – бұл адамзатқа қарсы жасалатын жантүршігерлік қылмысты бүкіл халықаралық қауымдастық болып қатаң айыптайтын күн. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жазды. 

WhatsApp Image 2025-06-26 at 12.13.58

Сурет: gov.kz

 

Біз азаптаудың қорқынышын бастан өткерген барлық жандарды еске алып, оларға қолдауымыз бен ынтымақтастығымызды білдіреміз. Мұндай ауыр сынақты өткерген әрбір адам тек жанашырлыққа ғана емес, әділ қарым-қатынасқа, оңалтуға жәрдем мен өз құқықтарының қорғалуына толықтай лайық.

2013 жылы Қазақстан Азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Осы құжаттың аясында елімізде Ұлттық алдын алу тетігі құрылды. Оның негізгі міндеті – жабық мекемелерге тәуелсіз түрде барып, азаптаудың алдын алу.

Бүгін біз азаптаудың қандай жағдайда болсын адам қадір-қасиетін өрескел бұзатын әрекет екенін тағы бір мәрте қатаң мәлімдейміз. Мұндай қылмыстардың түбегейлі жойылуы және оған жол бергендердің әділ жазаға тартылуы үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале