Warning: session_start(): open(/tmp/sess_uahlfea9h8275e0ttnkkhfl6ev, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Ауыл шаруашылығы вице-министрі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді - официальные новости ЗКО
31.03.2025, 10:45
Просмотры: 404

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2025 жылғы 1 сәуірде орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды. 

8305282ef77e1ff511ca9bfe763a28e1_1280x720

 

 

Сурет: gov.kz

Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданған шаралар.

Кездесу сағат 09:00-де Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Янайкино ауылдық округі, Янайкино ауылы, Алматы көшесі, 23 мекенжайында өтеді.

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7 775 837 8519 – Асия Нүрпейісова.

Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды kuantaev.e@minagri.gov.kz электрондық поштасына жолдауды сұраймыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале