Warning: session_start(): open(/tmp/sess_73k0inln5e6p0h1e90u9sfrkvg, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген өңірлер анықталды - официальные новости ЗКО
5.08.2022, 15:15
Просмотры: 241

Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген өңірлер анықталды

Бір аптада ел бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтерудің 734 фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19

Фото: strategy2050.kz

«Соңғы аптада 40,3 мың дүкенге рейд жүргізілді. Нәтижесінде азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 734 дүкен анықталды. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды қымбат бағамен сатқаны туралы деректер көбіне Нұр-Сұлтан қаласы (278) мен Шығыс Қазақстан облысында (80) тіркелді. Одан әрі Түркістан облысында – 38, Батыс Қазақстан облысында – 33, Қостанай және Маңғыстау облыстарында – 32, Жетісу облысында – 30 дүкен тауарға үстеме құн қосқан. Мұндай фактілер ең аз анықталғаны – Ұлытау облысында. Онда бағаны негізсіз көтергендер туралы 6 жағдай тіркелді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қосылған үстеме 15 пайыздан асса, онда 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертеміз», - делінген баспасөз мәліметінде.

Құзырлы орган рейд қорытындысы бойынша ішкі сауда субъектілеріне қатысты ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 айыппұл салған. Ал көпшілік сауда объектілері түсіндіру жұмыстарынан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын 5-15 пайызға дейін төмендеткен.

Еске салайық, бұған дейін елордада азық-түлік белдеуін дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленіп жатқанын хабарлап едік.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале