Warning: session_start(): open(/tmp/sess_togfcjnva3figge6i83vufhf9r, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Батыс Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі артты - официальные новости ЗКО
12.11.2024, 11:41
Просмотры: 342

Батыс Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі артты

Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.

 debdce7a-74cd-4238-b09a-19bf911b2e16

Фото: t.me/ortcom_kz

- БҚО-да тартылған инвестициялардың арқасында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Елге инвестиция тарту – тек қаржы көзі ғана емес, сондай-ақ, шетелдік тәжірибенің, мүмкіндіктердің келуіне мүмкіндік ашу. Бұл өз кезегінде дамудың жаңа бағытына, ауқымды өзгерістерге, экономиканың әр саласына тың серпін береді. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр, - деді Нариман Төреғалиев.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 437 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде жеке инвестициялардың үлесі 342 млрд.теңге. Тартылған инвестициялардың арқасында өңірде 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Өнеркәсіп саласында биыл 2,6 трлн.теңгенің өнімі өндірілді. Алдағы 5 жыл ішінде 2,4 трлн. теңгеге 42 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале