Warning: session_start(): open(/tmp/sess_1e536fh1j2o8jvhv6hoaf37tnt, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Батыс Қазақстан облысының 104 жастағы тұрғыны референдумда дауыс берді - официальные новости ЗКО
6.10.2024, 14:05
Просмотры: 395

Батыс Қазақстан облысының 104 жастағы тұрғыны референдумда дауыс берді

Батыс Қазақстан облысының ең қарт тұрғыны Нұрсұлу Тоқжанова референдумда өз дауысын берді. 104 жастағы қария Шыңғырлау ауылында тұрады.

49df6007-fc39-497a-a71c-52fcef2a8ce7

Ғасырдан асқан Нұрсұлу әжейдің өтінішіне орай, №424 референдум учаскесінің мүшелері жылжымалы жәшікті оның үйіне алып барды. Нұрсұлу әжей әлі де тың, бүгін балаларын сайлау учаскелеріне жіберіп, өзі немере-шөберелерін бағып қалыпты.

Қария Ұлы Отан соғысы кезінде ФЗУ-да оқып, Сталинград заводында жұмыс жасайды. Кейіннен Шыңғырлау ауданындағы Қарақай елдімекенінде ұзақ уақыт түйе сауушы болып еңбек етті. Бүгінде 3 немере, 11 шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Көпті көрген кейуананың ендігі арманы – елдің тыныштығы мен ұрпақтың амандығы.

– Талай сайлауларға қатысып жүрмін. Дауыс беру – әрбір елдің тұрғыны үшін маңызды. Біз дауыс беру арқылы болашағымызды таңдаймыз. Бүгін мен өз таңдауымды жасадым. Еліміздің болашағы, ұрпағымыздың болашағы үшін ел Президентінің бастамасын қолдаймын, - дейді қария.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале