Warning: session_start(): open(/tmp/sess_am8rv8ivd7gd0iudm7v22ub3ev, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - БҚО-да бес жасар қызды ит талап тастады - официальные новости ЗКО
14.10.2024, 10:15
Просмотры: 398

БҚО-да бес жасар қызды ит талап тастады

Батыс Қазақстанда бес жасар қызды ит талап тастады.

«Қазір бүлдіршіннің жағдайы орташа ауыр, соған қарамастан бала өздігінен тамақ ішіп, қозғала алды», - деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Saline intravenous (iv) drip in a Children's patient hand

Сурет: istockphoto.com

Ит талап тастаған бес жасар қыз баланы Бөрлі ауданының ауруханасына 11 қазан күні күндізгі 11:40-та жеткізген.

– Қабылдау бөліміне түскен қыз баланың жағдайы ескеріліп дереу жансақтау бөліміне жеткізілді. Ол көптеген дене жарақатын алған. Дәрігерлер балаға дереу ауырсынуды басатын дәрі егіп, жарақатын танғаннан кейін ит немесе мысық тырнап, қапқан жағдайда қолданылатын шұғыл екпені салды. Баланың қазір жағдайы түзеліп келеді. Ол өздігінен тамақ ішіп, қозғала алады. Қазір хирургия бөлімінде ем алып жатыр, - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале